
Отырысқа Алтай ауданының прокуроры, юстиция кеңесшісі Рыспаев Е.Е., Алтай ауданы прокуратурасының аға прокуроры, Алтай ауданы прокуратурасының прокуроры Веселова Д.В., ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Канафина Б.К., Серебрянск қаласы әкімінің орынбасары Короткова К.К. және комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде тәрбиеленушілердің мектеп-интернатта болу мерзімін алдын ала тоқтату немесе ұзарту мәселесі қаралды.
Алтай ауданының прокуроры, юстиция кеңесшісі Рыспаев Е.Е. уәкілетті органдарға аталған бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен жүргізілетін тәрбие жұмысына қатаң бақылау қажеттігін атап өтті.
Ж.А. Аскарова тәрбиеленушілердің мекемеде болу мерзімін тиісті негіздер болған жағдайда қысқарту – маңызды профилактикалық құрал екендігін айтты. Мұндай тәсіл жасөспірімдердің неғұрлым тиімді оңалуы мен әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар берілді.