Алтай қаласында халықаралық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» науқаны аясында полиция қызметкерлері «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп, тұрғындармен ақпараттық-ағартушылық кездесулер өткізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға осы науқанның тарихы, мақсаттары, зорлық-зомбылық түрлері және әрбір жәбірленушіге қолжетімді қорғаныс шаралары таныстырылды. Мамандар тұрғындарға қайдан көмек сұрау керектігін және қандай қызметтер тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салды.
Ақпарттылықты арттыру үшін қатысушыларға зорлық-зомбылыққа қарсы күресті қолдауды білдіретін ақпараттық парақшалар, брошюралар және ленталар таратылды.
Іс-шара халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.