Аппараттық кеңесте жеке тұлғалардың мүлік салығы мен көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешектері, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін (АСР) қолдану мәселелері қаралды.

Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Чурманов В. Г. ұсынған ақпаратқа сәйкес, 12 қарашадағы жағдай бойынша көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 624 салық төлеушіге қатысты 29 443, 6 мың теңгені құрайды.
Кеңес қорытындысы бойынша Алтай, Серебрянск қалаларының, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдеріне халықпен жұмысты жандандыру, салық берешектерінің уақытылы төленуін қамтамасыз ету, түсіндіру жұмыстарын күшейту, мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды арттыру және берешектің толық көлемде бюджетке түсуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Сонымен қатар азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолдануына мониторинг жүргізу қажеттілігіне және халықтың заңды еңбек қызметінің артықшылықтары мен салықтық міндеттемелерді уақтылы орындау туралы хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударылды.