26 қараша күні колледжде 2–3 курс студенттері арасындағы жұмысшы мамандықтар жылына арналған кәсіби шеберлік байқауының салтанатты ашылуы өтті.

26 қараша күні колледжде 2–3 курс студенттері арасындағы жұмысшы мамандықтар жылына арналған кәсіби шеберлік байқауының салтанатты ашылуы өтті.

Байқау WorldSkills Shygys–2026 өңірлік чемпионатының республикалық стандарттарына сәйкес 9 құзыреттілік бойынша өткізіледі. Қатысушылар өздерінің практикалық дағдыларын, шығармашылық көзқарасын және кәсіби дайындықтарын көрсетіп, өз бағыттары бойынша үздік атану үшін жарысады.
Іс-шара жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және болашақ өңірлік және ұлттық WorldSkills чемпионаттарына қатысуға дайындықты күшейтуге бағытталған.