
2025 жылғы 28 қарашада сағат 11:00-де «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде, мобильді құрылғылар арқылы «Mass Alert» шұғыл құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосу жүзеге асырылады, сондай-ақ теле-радиоарналарды ұстау жүргізіледі.
Тыныштықты сақтауды сұраймыз.
«Барлығына назар аударыңыз!»- бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Егер сіз сиренаның дыбысын естіген болсаңыз, сіз дереу теледидарды немесе радионы қосуыңыз керек немесе ШҚО ТЖД әлеуметтік желілерінің ресми беттерін, «Дармен» қосымшасындағы хабарламаларды және «112» қызметінің SMS хабарламасын қадағалауыңыз керек.