
Жиында көмірқышқыл газының датчиктерін орнатудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Бұл құрылғылар газдың қауіпті деңгейін дер кезінде анықтап, мүмкін болатын қайғылы жағдайлардың алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, кездесу қатысушыларына OneWeb төмен орбита желісінде жұмыс істейтін Hughes HL-1100 спутниктік интернетін пайдалану ережелері туралы жан-жақты түсіндірілді.
Жаңа байланыс пункті 100 метрге дейінгі радиуста интернет қамтуды қамтамасыз етеді. Ауыл тұрғындары Wi-Fi арқылы қосылғаннан кейін интернетті тегін пайдалана алады.