2025 жылғы 20 қарашада Алтай ауданының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысы Ж.А. Аскарованың төрағалығымен өтті.

2025 жылғы 20 қарашада Алтай ауданының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысы Ж.А. Аскарованың төрағалығымен өтті.

Отырысқа Алтай ауданы прокуратурасының прокуроры А.М. Жаканова, ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры М.А. Актанова, комиссия мүшелері (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары, қорғаншылық және қамқоршылық, мәдениет, жұмыспен қамту бөлімі, әлеуметтік қорғау), білім беру мекемелерінің директорлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар қатысты.
Отырыс барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қолайсыз отбасылармен жұмысты ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Әр бағыт бойынша өзекті проблемалар талқыланып, оларды шешу жолдары айқындалды.
Отырыстың қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуге және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар жауапты қызметтер мен ұйымдарға жүктелді.