
Алтай ауданының ТЖ бөлімінің бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Абдрахманов А.Р. жылыту кезеңінің өту барысы туралы ақпарат берді. Күн сайын аула аралау жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге дейін 2963 тұрғын үй тексерілді.
2024–2025 жылдардағы жылыту кезеңінде әлеуметтік жағынан осал санаттағы үйлерге 115 көміртек тотығы датчигі орнатылды. Әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шидыч Т.Ю. пешпен жылытылатын үйлерде тұратын атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларды көміртек тотығы датчиктерімен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі Курмамбаев Р.Т. келесі ұсынымдарды берді:
1. Аула аралау жұмыстарын жалғастыру:
• Өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған үйлерге қайта бару кестесін әзірлеу.
• Қауіптілігі жоғары елді мекендерде профилактикалық жұмыстарды күшейту.
2. Датчиктерді орнату ауқымын кеңейту:
• Датчикпен қамтамасыз етілмеген отбасыларға талдау жүргізу және оларды елді мекендер бойынша нақтылау.
• Қажет болған жағдайда қосымша датчиктер сатып алу үшін қосымша қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру.
3. Халықтың хабардарлығын арттыру:
• Датчиктерді пайдалану және қауіпсіз жылыту қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, жадынамалар тарату.
• Көміртек тотығы датчиктерін орнату және пайдалану бойынша көрсетілімдік оқыту өткізу.
4. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту:
• ТЖ бөлімі, әлеуметтік қорғау бөлімі, ауылдық округ әкімдіктері және учаскелік инспекторлар арасындағы жедел ақпарат алмасу тетігін нақтылау.
• Көміртек тотығы датчиктерін қажет ететін әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың бірыңғай тізімін қалыптастыру.
5. Мониторинг пен есептілікті ұйымдастыру:
• Үйлердің жағдайы мен орнатылған датчиктердің жұмыс қабілеттілігіне ай сайын мониторинг жүргізу.
• Жылыту маусымының бірінші жартысы бойынша атқарылған шаралардың тиімділігі туралы аралық есеп дайындау.