Алтай ауданы әкімінің орынбасары

Алтай ауданы әкімінің орынбасары

этика жөніндегі уәкіл Аскарова Ж.А. мемлекеттік қызметшілерді ШҚО Мемлекеттік қызмет істері департаменті әзірлеп, жолдаған түрлі қызметтік жағдайларда өзін-өзі ұстау қағидалары қамтылған жадынамалармен таныстыру бойынша кездесулер өткізіп келеді. Іс-шаралар барысында қызметтік этиканың негізгі нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, сондай-ақ стандартты емес, жанжал туындауы мүмкін немесе тәуекелі жоғары жағдайларда әрекет ету алгоритмдері егжей-тегжейлі түсіндіріледі.
Бұдан бөлек, қызметтік қызметтен алынған практикалық мысалдар қарастырылып, этикалық нормаларды бұзу жағдайлары мен жиі жіберілетін қателіктер талданады. Қатысушыларға адалдық мәдениетін нығайту, этикалық мінез-құлық қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және кәсіби жауапкершілікті арттыру бойынша ұсыныстар беріледі. Сонымен қатар ашықтықты қамтамасыз ету, мүдделер қақтығыуына жол бермеу және мемлекеттік қызметшілердің халықпен және ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.