Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері!

Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері!

Сіздерді Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Осындай жетістіктерге жетуімізге атсалысып, тер төккен баршаңызға ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңізбен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз.
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі. Мал шаруашылығы мен егіншілік, тамақ және өңдеу өнеркәсібіндегі табанды әрі қажырлы қызметтеріңіз ел экономикасының тұрақты дамуына зор септігін тигізіп келеді.
Осы мерейлі мереке күні Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қамбаларыңызға астық толып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін! Тәуелсіздігімізді баянды етіп, қуатты ел құру жолында бірлесіп атқаратын іс-қимылда қажымас қайрат, толайым табыстар тілеймін!

Мереке құтты болсын!
Алтай ауданының әкімі Р.Курмамбаев