
Семинарға Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарқызы Асқарова, Шығыс Қазақстан Лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Мәдениетқызы Абзалова, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен қазақ тілі оқытушылары қатысты.
Тілдерді оқыту орталығының қазақ тілінің оқытушылары А.Е. Акимаева "Ересектерге қазақ тілін үйретуде тілдік құзіреттіліктерді меңгертудің тиімді жолдары" шеберлік сыныбын, ал Р.К. Бегалина "Отбасылық құндылықтар тренингін" ұсынды.
Сонымен қатар тірек мектеп болып табылатын Алтай қаласының №9 орта мектебіне және сол мектепте ашылған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы кабинетке экскурсия жасалды.
Облыстық семинарға қатысушылар үшін Алтай қаласындағы №9 орта мектебіне арнайы экскурсия ұйымдастырып, оқу орны мен Қ. Бітібаева атындағы кабинетпен танысуға мүмкіндік жасағаны үшін мектеп директоры Н.М. Шоматоваға шынайы алғысымызды білдіреміз. Көрсетілген қолдау мен жылы қабылдау үшін зор ризашылығымызды айтамыз!