
Әкім округ аумағында «Средигорное-2» мал шаруашылығы кәсіпорнының тұрақты жұмысын атап өтті.
Сүт фермасында 611 бас ірі қара мал бар, оның ішінде 375 сауын сиырлары. Соңғы 10 айда 1 145 000 литр сүт өндірілді. 2024–2025 жылдары кәсіпорын Германиядан 350 бас симментал ірі қара малын сатып алып, асыл тұқымды мал басын белсенді жаңартып келеді.
2026–2027 жылдары мал бордақылау алаңын салу жоспарлануда, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және округ экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді.
«Средигорное орта мектебі» КММ дене шынықтыруды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Оқушылардың 60% астамы спортпен белсенді айналысады, олардың жетістіктері өңірден тыс жерлерде де белгілі:
Е.Б. Шевченко - армрестлингтен Азия және әлем чемпионы,
Наргиза Мерекенева - Азия чемпионатының күміс жүлдегері,
3 оқушыға спорт шеберіне кандидат атағы берілді, 5 оқушы бірінші спорттық санатқа жетті, ал Е.Б. Шевченконың өзі Халықаралық спорт шебері атағын алды.
2025 жылы ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін бірқатар жобалар жүзеге асырылды:
* Шірікқайың ауылындағы көшелерді ағымдағы жөндеу (5 млн. теңге);
* Александровка ауылына кіреберіс жолды жөндеу (2 млн. теңге);
* Достық көшесіндегі көше жарықтандыруын ішінара жөндеу (446 мың теңге);
* қауіпті ағаштарды кесу (390 мың теңге).
Әкім ауылдық округ әкімшілігінің жұмысы аумақтарды абаттандыруға, жұмыспен қамтуды және халықтың өмір сүру сапасын артыруға бағытталатынын атап өтті.