Алтай ауданында кезекші сыныптары бар мектептерді тексеру басталды

Алтай ауданында кезекші сыныптары бар мектептерді тексеру басталды

Алтай ауданында кәсіпкерлік нысандары мен жеке тұлғалардың, сондай-ақ білім беру мекемелерінің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылау бойынша мониторинг топтарының жұмыстары күшейтілді.

Мониторинг тобының құрамына СЭҚ өкілдері мен білім бөлімінің мамандары енеді және білім мекемелерінде санитарлық нормалардың сақталуын тексереді. Тексеру барысында бұзушылықтар анықталмады. Мониторинг тобы санитарлық-ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді.

Қазір қоғамдық көлікпен жүру кезінде де сақтаық шараларын сақтау қажет. Ата-аналарға балаларының ойын алаңдарында болғанда сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескерулері ұсынылады. Маусымдық вирустық аурулардың артуына байланысты сырқаттану қауіпі жоғары, сондықтан қала, аудан тұрғындарын өздерін және  жақындарының қауіпсізідігін  сақтап  - бетперде тағу тәртібін ұстануға шақырамыз.