31 қазан күні Өскемен қаласындағы көпсалалы онкология және хирургия орталығына Алтай ауданынан әйелдер келіп, мамандардың қабылдауында болып, профилактикалық тексеруден өтті. Бұл іс-шара әйелдердің денсаулығын нығайтуға, онкологиялық аурулардың ерте анықталуына және халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды жұмыс болып табылады.

Сапар барысында әйелдер онколог, гинеколог және өзге де мамандардың кеңесін алып, қажетті диагностикалық тексерулерден өтті және әрі қарайғы бақылау мен аурулардың алдын алу жөнінде ұсынымдар алды.

Көпсалалы онкология және хирургия орталығының басшысы Гүлмира Ғабдуллақызы Сагидуллинаға және орталық ұжымына жоғары деңгейде ұйымдастырылған жұмыс, пациенттерге көрсеткен ілтипат пен жайлы жағдай жасағаны үшін ерекше алғыс білдіріледі.
Медициналық қызметкерлердің кәсібилігі мен қамқорлығының арқасында әйелдер сапалы медициналық көмек пен қолдау алды.

Бұл жұмыс әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қызметі аясында, сондай-ақ облыстық әйелдер істері жөніндегі комиссияның қолдауымен жүзеге асырылуда.
Комиссиялардың қызметі денсаулықты сақтау, әйелдерді қолдау, аналықты нығайту және отбасы институтын дамытуға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде жүзеге асыруға бағытталған.

Осындай іс-шаралар әйелдердің денсаулығын сақтауға ғана емес, сонымен қатар аурулардың алдын алуға жауапкершілікпен қарауға, медициналық қызметке сенімді арттыруға және өңірдегі әлеуметтік бірлікті нығайтуға ықпал етеді.