Дауылды ескерту

Дауылды ескерту

"Қазгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша 04 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. 05 қарашада қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты қар. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа, батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасының 05 қарашада түнде және күндіз 5-10, облыстың шығысында 13 аязға дейін төмендеуі күтіледі.
ШҚО ТЖД еске салады:
- елді мекендерден шықпаңыз
- жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыз
- жаяу жүргіншілерге құлап қалудан сақтаныңыз, асықпаңыз
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз.
- төтенше оқиғалар туралы " 112"-ге қоңырау шалыңыз.