Балық аулау дүкендерінде қауіпсіздік ережелері бойынша жаднамалар тарату!

Балық аулау дүкендерінде қауіпсіздік ережелері бойынша жаднамалар тарату!

Су айдындарында орын алуы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Алтай ауданының ТЖБ қызметкерлері Алтай қаласындағы балық аулау дүкендерінде профилактикалық акция өткізді.
Іс-шара барысында дүкен келушілеріне күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында және балық аулау кезінде сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Азаматтарға суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері мен төтенше жағдай қызметтерінің телефон нөмірлері көрсетілген жаднамалар таратылды.
Акцияның мақсаты — халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру және су айдындарында мінез-құлық ережелерін сақтау бойынша әр азаматтың жеке жауапкершілігін еске салу.

Алтай ауданының ТЖБ