
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,73 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,56 трлн теңгеге немесе 21,5%-ға артты.
2025 жылдың 1 қазанында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,40 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,8%.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 726,94 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 15,6%.
Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 32,8% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі – 9,47 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қазанына 596,18 млрд теңге болды.
Түсімдер
Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.
2025 жылдың 9 айында салымшылардың шоттарына 2,37 трлн теңге мөлшерінде зейнетақы жарналары түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17,8%-ға немесе 356,75 млрд теңгеге артық.
МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қазанына дейін 1 937,66 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,97%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,69 млрд теңге (өсім – 19,1%), ЕЗЖ – 1,82 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 9 айында ЖМЗЖ 326,02 млрд теңгені құрады.
Төлемдер мен аударымдар
2025 жылдың 9 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 368,27 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 1,6 есе немесе 508,31 млрд теңгеге көп.
Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 823,82 млрд теңге.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 12 айда 23,43% ұлғайып, 01.10.2025ж. 181,81 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 691 теңге.
Жыл басынан бері 01.10.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 50,49 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 32,60 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,33 млрд теңге, жерлеуге – 8,03 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 269,19 млрд теңге аударылды.
Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны
2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,97 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,17 млн бірлік немесе 7,0%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қазанына 12,66 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,25 млн - МЗЖ бойынша, 752,27 мыңы - МКЗЖ бойынша, 460,13 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, бір жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді шот болып есептеледі. 2025 жылдың 9 айында МЗЖ 6,91 млн ЖЗШ-ға түсті, бұл осы жарналар енгізілуі мүмкін 10,04 млн ЖЗШ-ның 68,8% құрайды. Бұған сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ашылған шоттар мен есепті кезең ішінде ашылған жаңа шоттар кіреді. Бұл санға елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинағын алу туралы өтінішпен жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарына мұрагерлік ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға аударылған әскери қызметшілердің және шоттарына қазақстандық заңнамаға сәйкес жарналар түспеуі керек басқа да санаттағы салымшылардың (алушылардың) шоттары кірмейді.
Ал БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,32 млн бірлік.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).