«Құтқарушылардың қамқорлығы»: Алтай ауданында зейнеткерлерге көмірқышқыл газының дабылқаққыштары орнатылуда

«Құтқарушылардың қамқорлығы»: Алтай ауданында зейнеткерлерге көмірқышқыл газының дабылқаққыштары орнатылуда

«Құтқарушылардың қамқорлығы» акциясы аясында Алтай ауданы ТЖБ қызметкерлері қарт азаматтардың үйлеріне көмірқышқыл газының дабылқаққыштарын орнатуда. Ерекше назар, пешпен жылытуды пайдаланатын жалғызбасты зейнеткерлерге аударылуда.
Көмірқышқыл газын «үнсіз қасірет» деп атайды — оның түсі де, иісі де жоқ, сондықтан адам оның үй-жайда жиналып жатқанын байқамауы мүмкін. Уланудың белгілері біртіндеп білінеді: бас ауыруы, ұйқышылдық, әлсіздік, есінен тану. Мұндай жағдайларда әр минут қымбат.
Көмірқышқыл газының дабылқаққышы адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Құрылғы газдың қауіпті концентрациясына әрекет етіп, қатты дыбыстық белгі береді және қауіп туралы дер кезінде ескертеді. Бұл үй-жайды дер кезінде желдетуге немесе оны тастап шығуға жағдай жасайды.
Құтқарушылардың айтуынша, мұндай құрылғыны орнату, әсіресе жалғыз тұратын қарт адамдар үшін аса маңызды. Уақтылы дабылдың берілуі қайғылы жағдайдың алдын алып, ең қымбат – адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі.