Серебрянск қаласына жұмыс сапары аясында білім беру нысандарына барылды.

Серебрянск қаласына жұмыс сапары аясында білім беру нысандарына барылды.

Атап айтқанда, Инюшин атындағы орта мектеп (КММ) ерекше назарға алынды. Қазіргі уақытта оқу орнының материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатыр. Мектеп «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Жаңа техника мен оқу құралдары білім беру сапасын арттырып, оқушылар мен мұғалімдер үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді. Бұл шалғай өңірлерде оқыту сапасын жақсартуға және барлық балаларға тең білім беру жағдайларын жасауға бағытталған маңызды қадам.
Қордың қолдауы — өскелең ұрпақтың болашағына деген жанашырлық пен әлеуметтік әріптестіктің жарқын үлгісі.
Сапар барысында қаланың өзге де білім беру мекемелерін жаңғырту, педагог кадрлармен қамту және мектептерде қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.