
«Қалбатау — Майқапшағай» халықаралық тас жолының стратегиялық маңызы бар учаскесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл ауқымды жобаның жүзеге асуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында мүмкін болды.
Жолдың жаңа учаскесі «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігіне айналып, Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі маңызды логистикалық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтты.
Жаңа жолдың ашылуы — бизнестің, туризмнің, халықаралық тасымалдардың дамуына қолайлы жағдай жасап, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының өмір сүру сапасын және қозғалыс қолайлылығын арттырады.
ШҚО әкімі Сақтағанов Н.А. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Көлік министрлігіне, «ҚазАвтоЖол» компаниясына, сондай-ақ инженерлер мен құрылысшыларға атқарған ауқымды жұмыстары, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін алғысын білдірді.
Біз бірге заманауи, жайлы және серпінді дамып келе жатқан Шығыс Қазақстанға сенімді қадам басудамыз!