Жүрек жылуы

Жүрек жылуы

Мүгедектер күні аясында 9 қазан күні «Алтай ауданының «Горняк» мәдени – бос уақыт орталығы» КМҚК әдістемелік секторының ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» мүмкіндігі шектеулі жандар шығармашылығының кезекті VIII аудандық фестивалі өтті. Фестиваль қашықтықтан өткізілді.

Фестивальдің басты мақсаты: мүгедектердің социумға интеграциялануына ықпал ету, I-II-III топтағы мүгедектер мен мүгедек балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау және дамыту, мүгедектердің қоғамның мәдени өміріне араласуға, шығармашылық қызметпен айналысуға басқа азаматтармен теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етуге ықпал ету.

Алтай ауданы аумағында тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтар түрлі бағыттағы шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Біздің фестивальдің тұрақты қатысушылары ШҚО ББ «Серебрянск қаласындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат» КММ және Серебрянск қ. МҮ;

ШҚО ББ «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 2 түзету мектеп-интернаты» КММ;

«Алтай ауданы Грехово кентіндегі мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ;

«Алтай ауданының мүгедектері және қарттарымен жұмыс жөніндегі аумақтық орталығы» КММ және «Премьера» театр студиясымен «Горняк» МБУО;

Октябрьск кентінің клубы;

«Жаңа Бұқтырма кентінің Алтай ауданының мүгедектері және қарттарымен жұмыс жөніндегі аумақтық орталығы» КММ және Жаңа Бұқтырма кентінің МҮ; Полковникова Лариса Тимофеевна фестиваль аясында флейтада ойнауды үйрету бойынша шеберлік - сыныбын өткізді.

Алтай ауданының «Горняк» мәдени – бос
уақыт орталығы» КМҚК әдістемелік секторы