Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Садыкова Ж.Е. Алтай ауданы аумағында «Ауыл Аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берді. Бағдарлама аясында ауыл кәсіпкерлерін қолдау, кооперацияны дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің жағдайларын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Карьералық орталықтың директоры Бекбусинов Б.Б. Чара ауылшаруашылық колледжі базасында ауыл шаруашылығы өнімдерін консервілеу бойынша өткізілген оқыту жұмыстары жөнінде баяндады. Кадрларды тәжірибеге бағытталған тәсілмен даярлаудың маңыздылығы және мұндай курстардың ауыл тұрғындары арасында сұранысқа ие екендігі атап өтілді.
Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысы Ерболатов Е.Е. Алтай қаласындағы дүкендер мен шаруа қожалықтарымен жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу бойынша меморандумдарға қол қою жұмыстары туралы ақпарат берді. Күтілетін жеткізілім көлемдері нақтыланып, күзгі-қысқы кезеңде өнімді тасымалдау мен өткізу жүйесін жолға қою шаралары белгіленді.
Кеңес барысында қаралған әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жауапты орындаушылар мен мерзімдер айқындалды. Аталған бағыттар бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда болады.