Аудан әкімінің Ұстаздар күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Ұстаздар күнімен құттықтауы

💐Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері!💐

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жоғары кәсіпқойлықты, зор рухани күшті, даналықты, шыдамдылықты және адалдықты талап ететін игілікті еңбектеріңіз қоғамда лайықты құрметке ие.

Біз, жаһандану заманында адами капиталды тәрбиелеуде алдына қойылған міндеттерді табысты жүзеге асыра алатын қабілетті, жоғары деңгейдегі білімді және талантты ұстаздарымызды мақтан тұтамыз.

Ауданымыздың білім беру саласын дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосқан ұстаз – ардагерлерге ерекше алғыс айтамыз!

«Бала жанының бағбаны» - атанған ұстаздарымызға деген құрметіміз ерекше. Бүгінгі мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақыт, сарқылмас күш-қуат, білім шыңына шығармашылықпен өрлей берулеріңізге тілектеспін! Білімді және саналы шәкірттеріңіз көп болсын!