Құрметті тұрғындар! «Саламатты Қазақстан» денсаулық пойызы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен қыркүйектің 17-күні кешкі уақытта Серебрянск қаласының Күмістау станциясына келіп жетті.

18–19 қыркүйек күндері қала тұрғындары келесі жоғары білікті мамандардан тегін кеңес ала алады:
• терапевт
• стоматолог
• офтальмолог
• оториноларинголог (ЛОР)
• хирург
• уролог
• маммолог
• педиатр

Сондай-ақ:
• психолог
• заңгер
• медиатор

Қабылдау уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз.

📍 Пойыздың келесі аялдамалары:
• 20–21 қыркүйек — Бұқтарма станциясы
• 22–23 қыркүйек — Заводинка станциясы
• 24–25 қыркүйек — Тұрғысын станциясы

Мамандар тұрғындарды сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз және демалыссыз қабылдайды.

Тегін медициналық тексеруден өтіп, кәсіби кеңес алуға керемет мүмкіндік — өткізіп алмаңыз!