Акиматтың кезекті отырысында

Акиматтың кезекті отырысында

өңірдің күзгі-қысқы кезеңдегі тіршілікті қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері қаралды. Атап айтқанда, автомобиль жолдарын қысқы күтімге дайындау барысы талқыланды: проблемалық учаскелер белгіленіп, жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімдері айқындалды, сондай-ақ арнайы техника мен тайғаққа қарсы материалдардың қоры пысықталды.

Жер қатынастары мәселесіне ерекше назар аударылды – пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері, жер беру рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету шаралары қарастырылды.

Сонымен қатар, күн тәртібінде мүмкіндігі шектеулі жандарға үй жағдайында және жартылай стационарлық жағдайда арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету шаралары талқыланды. Қызмет алушылардың қамту аясын кеңейту, қызмет көрсету сапасын арттыру және осы салада кадрларды даярлау қажеттігі атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты құрылымдарға нақты мерзімдермен тапсырмалар берілді.