Құрметті Алтай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
«SUNRISE Travel» жеке компаниясы өз қаражаты есебінен көрікті шолу алаңын абаттандырып, «ALTAY» деген сәндік жазуы бар құрылымды орнатты. Бұл орын бүгінде фотосуретке түсіп, демалуға арналған танымал нысанға айналды.
Алайда соңғы уақытта бұл жазудың кейбір әріптері бұзақылардың әрекетінен зақымданды. Мұндай әрекеттер нысанның көрінісін бүлдіріп қана қоймай, ауданның туристік тартымдылығын арттыруға күш пен қаражат жұмсаған компания еңбегіне нұқсан келтіреді.
Сіздерді қоғамдық орындарға ұқыпты қарап, өзгелердің еңбегіне құрметпен қарауға шақырамыз. Осындай оқиғалардың куәсі болсаңыз, тиісті органдарға немесе аудан әкімшілігіне хабарлауыңызды сұраймыз.
Келіңіздер, бірге туған өлкеміздің сұлулығы мен көркеюін сақтайық!