Құрметті Алтай ауданының тұрғындары! Сіздерді шын жүректен ең мейірімді әрі мағыналы мерекелердің бірі — Отбасы күнімен құттықтаймын!

Құрметті Алтай ауданының тұрғындары! Сіздерді шын жүректен ең мейірімді әрі мағыналы мерекелердің бірі — Отбасы күнімен құттықтаймын!

Отбасы – біздің қоғамымыздың іргетасы, сүйіспеншілік пен қолдаудың, рухани құндылықтар мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудің бастауы. Дәл осы отбасында дәстүрге құрмет, жауапкершілік, еңбекқорлық және отансүйгіштік сияқты қасиеттер қалыптасады.

Алтай ауданында көп балалы, тату және еңбекқор отбасылар аз емес. Олар өзгелерге үлгі болып, қоғамымыздың нығаюына және туған өлкеміздің дамуына зор үлес қосып келеді.

Осы жарқын мерекеде әр отбасыға амандық, молшылық, келісім мен мықты денсаулық тілеймін! Үйлеріңізде әрдайым түсіністік, махаббат пен бақыт орнасын!