Алтай ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдауын түсіндіру және талқылау бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес жұмысына қоғам өкілдері, мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, кәсіпкерлер мен жастар белсенділері қатысты.

Кеңесті ашып, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамалардың маңыздылығын атап өттім, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналатынын жеткіздім.

«Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің жаңа технологиялық жағдайда дамуының нақты бағытын көрсетеді. Бүгінгі күні біздің алдымызда тек өзгерістерге бейімделу емес, сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалану міндеті тұр. Біз цифрлық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерін жаңғыртуға, сондай-ақ IT мен кәсіпкерлік саласындағы жастар бастамаларын қолдауға тиіспіз», — дедім өз сөзімде.