ДКСО-ның бас маманы А.Ж. Қазымова, Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.К. Канафина Шірікқайың негізгі мектебінде, Соловьево орта мектебінде, №11 орта мектебінде, №9 орта мектебінде, мектеп-лицейде, Тұрғысын орта мектебінде, Серебрянск қаласының №2 негізгі мектебінде жаңа оқу жылына арналған басым бағыттарды талқылауға қатысты.
Педагогикалық кеңестер аясында «Адал азамат» тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру, білім сапасын арттыру, оқу үдерісіне жасанды интеллект элементтерін енгізу және академиялық адалдықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Педагогикалық кеңестерде талқыланған бағыттар жаңа оқу жылында аудан педагогикалық ұжымдарының алдағы жұмысына басты бағдар болмақ.