Никольское ауылында «Мектепке жол» акциясы өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Аскаров Ж.А. және білім бөлімінің басшысы Канафина Б.К. қатысты.
Оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білімде табыс тілеп, мектепке апарар жолдың әрдайым жарық, қауіпсіз әрі бақытты болуының маңыздылығын атап өтті. Әрбір оқушыға барлық қажетті оқу құралдары салынған сөмкелер табыс етілді.