2025 жылғы 25 тамызда Алтай ауданы әкімінің орынбасары Шаухин З.М жұмыс сапарымен Средигорное орта мектебіне барды.

2025 жылғы 25 тамызда Алтай ауданы әкімінің орынбасары Шаухин З.М жұмыс сапарымен Средигорное орта мектебіне барды.

Сапар барысында ол оқу орнының жылу жүйесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына және олардың мерзімінде орындалуына ерекше көңіл бөлінді. Әкім орынбасары жөндеу жұмыстарының жаңа оқу жылы басталғанға дейін уақытылы аяқталуының маңыздылығын атап өтіп, бұл оқушылар мен мұғалімдер үшін жайлы жағдай жасаудың басты кепілі екенін айтты.

Сондай-ақ жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын әрі қарай бақылауға қатысты тиісті ұсыныстар берілді.