Алтай ауданында ерлік, қайсарлық және шынайы патриотизм мерекесі – Қазақстан Республикасы Шекара қызметі күніне арналған салтанатты шара өтті.

Алтай ауданында ерлік, қайсарлық және шынайы патриотизм мерекесі – Қазақстан Республикасы Шекара қызметі күніне арналған салтанатты шара өтті.

Шекарашылар мен ардагерлерді кәсіби мерекелерімен аудан әкімі Ренат Курмамбаевтың атынан аудан әкімінің орынбасары Жанна Аскарова құттықтады. Аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Гречушникова да жылы лебізін білдірді. Шекарашыларға алғыс хаттар табыс етілді.
Мемлекеттік шекарада қызмет – бұл жай кәсіп емес, күнделікті ерлік. Еліміздің егемендігін, тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын шекарашылар сын-қатерлерге бірінші болып қарсы тұрады. Ерекше алғыс – қызмет ардагерлері мен шекарашылардың отбасыларына білдірілді. Біздің мемлекеттік шекарамыздың қамалының бой көтеруі Сіздердің адал және жанқиярлық жұмыстарыңыздың арқасы.
Барлық шекара қорғаушыларына зор денсаулық, қажымас қайрат және ашық аспан тілейміз! Өмірлеріңіз бейбіт күндерге, қызметтеріңіз құрмет пен алғысқа толы болсын.