«Халықпен бірге» партиялық жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылдың жазғы кезеңінде Алтай ауданының мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.

Мүгедектігі бар азаматтарға бейімдеу жұмыстарының жоспарына сәйкес үш мектепте жалпы сомасы 5 934,94 мың теңгеге бейімдеу жұмыстары жүргізілді: «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ, «М. Бикетов атындағы орта мектебі» КММ «Маяк орта мектебі» КММ, «М. Бикетов атындағы орта мектебі» КММ және «Маяк орта мектебі» КММ жұмыстар толық аяқталды: пандустар орнатылып, санитарлық тораптарға ұстайтын тұтқалар орнатылды. №7 орта мектепте жұмыстың 30%-ы орындалды – кіреберіс есік топтамасының есік блоктары ауыстырылды. Жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2025 жылғы 15 тамыз.