2025 жылғы 11 тамызда Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б. Канафина, білім бөлімінің инженері Е. Бердюгина, Парыгино ауылдық округінің әкімі (Г. Толеков) құрамындағы комиссия, Парыгино, Путинцево, Быково ауылдарында орналасқан мектептерді аралады.

«М. Бикетов атындағы орта мектебі» КММ 2025 жылы мектеп ғимаратын ММГН үшін бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

Быково негізгі мектебінде жылыту жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізілді: радиаторлар мен жылыту құбырлары ауыстырылды, қазандыққа кеңейту багы орнатылды. Сондай-ақ, осы мектепте бейнебақылау жүйесі жаңғыртылды.

Путинцево орта мектебінде дауылды жел кезінде зақымданған шатырды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда жұмыстың 60%-ы орындалды: шатыр жүйесін жөндеу аяқталып, қаптау жұмыстарын жасау басталды.