Бұл шара отбасылық дәстүрлердің, ұрпақтар арасындағы сыйластықтың, қоғамды біріктіретін сүйіспеншіліктің маңыздылығының жарқын үлгісі болды.
Биылғы жылы 15 отбасы қатысты, олардың әрқайсысы ең жоғары құрметке лайық. Отбасыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Жанна Аскарова құттықтау сөзінде отбасы институтының маңыздылығына тоқталып, жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестері үшін отбасыларға алғысын білдірді.
Қатысушылар арасында Пономаревтар отбасы: Максим Владимирович пен Алеся Александровна екі тамаша баланы сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен тәрбиелеп отыр. Бұл отбасы ерлі-зайыптылар арасындағы берік байланыстың, сыйластық пен жауапкершілікті тәрбиелеудің үлгісіне айналды. Олардың байқауға қатысуы – отбасылық құндылықтарды нығайтуға қосылған шынайы үлес.
Исеневтер жанұясы «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінде өздерін ерекше көрсете білді – барлығы өз үлгісімен шабыттандыратын, барлығының ортасында махаббат, өзара сыйластық және дамуға деген ұмтылыс тұрған нағыз ұжым.
Нұрлыбек Исенев – «Казцинк» ЖШС Малеев кенішінің жер асты жұмыстарының нығайтушы-жарғышы. Жауапкершілігі мол, қайратты және еңбекқор – ол күрделі саланың бірінде еңбек ете отырып, кәсіби миссиясын абыроймен атқарып келеді.
Жұбайы Гүлмира Мақұлбекқызы Исенева үлкен жүректі, кәсіби шеберлігі жоғары жан. ШҚО ББ «№2 арнаулы мектеп-интернаты» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, логопед – есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істейді. Отбасы төрт бала тәрбиелеп отыр – оқу озаттары, олимпиадалардың, байқаулардың, шығармашылық жобалардың жеңімпаздары.
Үлкен ұлы медициналық университетте оқиды, екі балалары спорт пен шахматқа қызығады, кенжесі STEAM турнирінің жеңімпазы және сурет салғанды жақсы көреді. Отбасы бірге киізден және жіптерден ұлттық ою-өрнектермен қолөнер жасайды - шығармашылық рух барлығын біріктіреді!