«Жасыл ел» бағдарламасының негізгі міндеттері – жастарды жұмыспен қамту, жасыл аймақтар құруға қатысу және аумақты абаттандыру. Жасақ мүшелерінің жасы – 16-дан 35 жасқа дейін. Алтай ауданы бойынша бірінші ауысымда (маусым айы) 64 адам, екінші ауысымда (шілде айы) 136 жас жұмыспен қамтылды. «Жасыл ел» жасақтарының қатысушылары елді мекендерді көгалдандырумен және абаттандырумен айналысады, саябақтар мен скверлерді, қала көшелерін ретке келтіреді. МТО «Жасыл ел» ұйымы тарапынан жалақы 35 394 теңгені құрайды (салықтар мен басқа да міндетті төлемдер ұсталып қалады), сондай-ақ Алтай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ тарапынан 85 000 теңге көлемінде жалақы төленеді (салықтар мен басқа да міндетті төлемдер ұсталып қалады)