Районный фестиваль народного творчества «Миргород» прошёл в п. Новая Бухтарма и собрал талантливых мастеров, артистов и зрителей со всего региона.

Районный фестиваль народного творчества «Миргород» прошёл в п. Новая Бухтарма и собрал талантливых мастеров, артистов и зрителей со всего региона.

Аталмыш шараға өңірдің түкпір-түкпірінен келген талантты шеберлер, өнерпаздар мен көрермендер жиналды.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды. Бұл - еліміздегі бірлік пен татулықтың, бейбітшіліктің нышаны.

Фестиваль өткен аумақта қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылық алаңдары жұмыс істеді. Қонақтар бұйымдардың жасалу барысын тамашалап, өздерін де бұл істе сынап көрді. Ұлттық тағамдар ұсынылған көрме алаңдары да ерекше қызығушылық тудырды, фестиваль қатысушылары мен қонақтар Қазақстан халқының гастрономиялық дәстүрлерімен танысты.

Жаңа Бұқтырма кенті бір күнге мәдениет пен халық дәстүрлерінің орталығына айналды: ән шырқалып, би биленді, достық пен шабытқа толы атмосфера орнады.

«Миргород» фестивалі - мәдениет пен туған жерге деген сүйіспеншілік арқылы түрлі ұлт өкілдерін біріктірген және де шығармашылық пен бірліктің символына айналған жарқын мереке.