2025 жылғы 26 маусымда Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж. Аскарова және білім бөлімінің басшысы Б. Канафина Алтай қаласындағы №11 орта мектеп пен №7 орта мектепке барды.

2025 жылғы 26 маусымда Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж. Аскарова және білім бөлімінің басшысы Б. Канафина Алтай қаласындағы №11 орта мектеп пен №7 орта мектепке барды.

№11 орта мектепте мектеп асханасын жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл жобаға 4 000 000 теңге бөлінді. Қазіргі уақытта асхана мен тамақ блогында еден плиткаларын алу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды «ЖенисГрупп» ЖШС мердігерлік ұйымы атқаруда. Алтай қаласындағы №7 орта мектепте шатырды жөндеу бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда, бұл жұмысқа 3 472 000 теңге бөлінді. Мердігер – жеке кәсіпкер «Маджанов М.К.». Сонымен қатар, жарықтандырғыштардың электр сымдары мен қосқыштарын орнату және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаға 3 640 000 теңге бөлінді. Жұмыстарды «3Z - Building» ЖШС жүргізуде. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалуда.