2026 жылғы 24 маусымда Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскарованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

2026 жылғы 24 маусымда Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскарованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отырысқа Алтай ауданы прокуратурасының прокуроры Веселова Д.В., комиссия мүшелері (білім беру, ішкі істер органдары, қамқоршылық және қорғаншылық, мәдениет, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау салалары), білім беру ұйымдарының директорлары, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар қатысты.
Отырыс барысында балалардың құқықтарын қорғау шаралары қаралып, жасөспірімдер ортасындағы проблемалық жағдайлар (кәмелетке толмағандарды қылмысқа және қоғамға қарсы әрекеттерге тарту фактілерінің жолын кесу) талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша 13 жеке іс қаралып, оның 4-і өзіндік есеп беру түрінде тыңдалды. Мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар әзірленді.