Мекемеде инфрақұрылымды жаңғыртуды жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, азық-түлік блогының кір жуатын бөлмесінде сору- желдету жүйесі орнатылуда. Бұл жобаны жүзеге асыруға 385 000 теңге бөлінді. Желдеткішті орнату жұмыстары орындалды.
Бүгінгі таңда азық-түлік блогында ағымдағы жөндеу, ішкі өртке қарсы су құбырының айналма желісіндегі электр тежегішті орнату және реттеу жұмыстары жүргізілуде. Монтаждау жұмыстарын «Восток Пожар Сервис» ЖШС жүргізуде. Бұл жобаны жүзеге асыруға 1220 000 теңге бөлінді.
Барлық іс-шаралар балабақша тәрбиеленушілері мен қызметкерлері үшін қауіпсіз және жайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.