Алтай ауданы ТЖБ қызметкерлері, судағы жүріс тұрыс ережелері бойынша брифинг өткізді

Алтай ауданы ТЖБ қызметкерлері, судағы жүріс тұрыс ережелері бойынша брифинг өткізді

Алтай ауданы ТЖБ қызметкерлері, БАҚ өкілдеріне судағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған брифинг өткізді.
Құтқарушылар, журналистерге су айдындарындағы мінез-құлықтың негізгі ережелері туралы айтып, қауіпсіздік талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын атап өтті.
Аудан аумағында, күн сайын Бұқтырма су қоймасының жағалауында, сондай-ақ шомылуға тыйым салынған жерлерде алдын алу рейдтер жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтарға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.Бүгінгі таңда ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 4 адам жауапкершілікке тартылды.
Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Ата-аналарға балаларды судың жанында қараусыз қалдырмауға, алдын алу әңгімелер жүргізуге және мінез-құлық ережелерін, соның ішінде тыйым салынған жерлерде шомылуға жол бермеуді түсіндіруге кеңес беріледі.
Шомылуға тыйым салынған барлық жерлерде тиісті ескерту белгілері орнатылған.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау-судағы өмір мен денсаулықты сақтаудың кепілі.