Білім бөлімінің басшысы Б.Канафина аудан мектептерінде кәсіптік бағдар беру шараларына тоқталды.

Білім бөлімінің басшысы Б.Канафина аудан мектептерінде кәсіптік бағдар беру шараларына тоқталды.

Алтай ауданында 9-сыныпты 745, 11-сыныпты 308 түлек бітіреді.
Алтай ауданының мектептерінде оқушыларды кәсіптік бағдарлау және профильдеу жұмыстары оқушылардың және олардың ата-аналарының бағыт-бағдарын, тілектерін, пікірлерін диагностикалауды ескере отырып, жүйелі түрде жүргізіледі.
Орта білім беру ұйымдарының оқыту жоспарларын талдау 10-11 сынып оқушыларының негізінен жаратылыстану-математикалық бағытты таңдайтынын көрсетеді.
Бірнеше жылдан бері «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер түлектеріміз Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ өткізетін Қазақстан мектептерінің оқушыларына арналған эксклюзивті шараға, Akildi Awards байқауына белсенді түрде қатысып келеді. Бұл байқаудың жеңімпаздары аталған университетте тегін білім алу мүмкіндігіне ие.
2024 жылғы ректор грантын тағайындау конкурсының қорытындысы бойынша – «Akildi Awards-2024» жүлдесін 100% жеңілдікпен екі түлек №7 және №9 орта мектептің «Алтын белгі» иегерлері иеленді. Лицей -мектебінің бір түлегі, «Алтын белгі» белгісінің иегері 50% жеңілдікті сертификатқа ие болды.
2024 жылдың желтоқсан айында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ дәстүрлі «Akildi Awards – 2025» жүлдесіне байқау өткізілді, оған Алтай ауданы мектептерінің 7 түлегі, «Алтын белгі» белгісімен аттестатқа үміткерлер белсенді қатысты.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ конкурс комиссиясының шешімімен 6 жеңімпаздың 4-ібіздің ауданымыздың түлектері, «Алтын белгі» белгісімен аттестатқа үміткерлер. Оқушылар бүкіл оқу кезеңіне Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры грантының сертификаттарын алды.
Оқу жылында кәсіптік бағдар беру бойынша әртүрлі іс-шаралар жеке және онлайн форматта өткізіледі: экскурсиялар, форумдар, стем-мобтар, диалог алаңдары, каникул кезінде ЖОО мамандандырылған сыныптарда оқытулар, кездесулер және т.б.
Алтай ауданының аумағында жастарды кәсіби қызметке дайындаудың маңызды элементі болып табылатын мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жүйесі белсенді жүзеге асырылуда. Бұл үдеріске ауданның алты колледжі қатысып, 9-11 сынып оқушыларын мамандықтармен және оқу жағдайларымен таныстыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырады.

Мұндай ынтымақтастықтың жарқын мысалы ретінде колледждердің жалпы білім беретін мектептермен өзара әрекеттесуін айтуға болады.
Алтай ауданы колледждерінің өкілдері ата-аналар жиналыстарына белсене қатысып, мектеп оқушылары үшін экскурсиялар ұйымдастырып, болашақ талапкерлердің оқуға қабылдау және білім алу шарттарымен танысуына мүмкіндік береді.
Ағымдағы оқу жылында «Колледж – мектеп» эксперименттік жобасы бойынша Алтай қаласындағы мектептердің 10 сыныптарындағы 33 оқушы «Алтай ауданының технологиялық колледжі» КММ-де арнайы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда: «Электрмен газбен темір пісіруші» және 18 - «Аспаз» мамандығы бойынша.
Бұл балалардың 2026 жылы 11-сыныпты аяқтау мерзіміне жұмысшы мамандығы мен мемлекеттік үлгідегі диплом алуына мүмкіндік береді. Технологиялық колледж 2025-2026 оқу жылына «Автомобиль жөндеу мастері» және «Сәнші-кесуші» мамандықтары бойынша 15 адамнан тұратын тағы екі топты қабылдауды жоспарлап отыр.

2024-2025 оқу жылының 2-тоқсанының басында білім бөлімі Алтай қаласы мен ауданға жақын ауылдардағы мектептердің 9 және 11-сыныптарының 680 түлектері үшін «Алтай жоғарғы колледжі» мекемесінде жеке кесте бойынша медициналық мамандықтарға баса назар берілетін, кәсіптік бағдар беру кездесулерін ұйымдастырды. Оқушылар болашақ дәрігерлерге қойылатын талаптарды біліп қана қоймай, реанимациялық шаралар, алғашқы медициналық көмек көрсету сияқты қарапайым дағдыларды тәжірибеде меңгере алды. Бүгінгі таңда Алтай ауданының Алтай жоғары колледжінде «Автослесарь» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы әзірленді, ол ағымдағы жылдың сәуір айында «Talap» КЕАҚ тексеруден өтеді. Бағдарлама бекітілгеннен кейін колледж 10-сынып оқушыларын оқытуға арналған «Колледж – мектеп» эксперименттік жобасына мемлекеттік тапсырыс алуды да жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 2024 жылғы маусым айында Алтай жоғары колледжі 9 және 11 сынып түлектері «Мектепке дейінгі тәрбие» (12 түлек) және «Туризм» (34 түлек) мамандықтары бойынша «PRO Болашақ» жазғы кәсіптік бағдар беру лагеріне шақырылды.
Ағымдағы жылғы 16-20 маусым аралығында 8-10-сынып оқушылары үшін «Медициналық каникулдар» және «Туризм» кәсіптік бағдарлау лагерлері жұмыс істейді. Мұндай кәсіптік бағдар беру іс-шаралары мектеп оқушыларының мамандықты саналы түрде таңдауларына және заманауи еңбек нарығының талаптарына бейімделуіне ықпал етеді.