Кездесу барысында аудан әкімі ағымдағы жылғы бес айдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады, болашақтағы жоспарлармен бөлісіп, жеке кәсіпкерлер Т. Невзорованың, А. Чилимованың, Екатерина Шевелеваның жергілікті өнімдерін ұсынды.
Р. Курмамбаев ауданда өткізіліп жатқан барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов қойған міндеттерді іске асыру екенін баса айтты. Біздің басты міндетіміз тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту.
Баспасөз конференциясы барысында аудан әкіміне демалыс базаларынан қалдықтарды шығару, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын іске қосу сияқты әртүрлі сұрақтар қойылып, барлығына толық, ашық жауаптар алынды.