Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес, Алтай ауданы әкімдігінің «Серебрянск қаласы және Жаңа Бұқтырма кентінің Жылусуорталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі кәсіпорын қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өткізеді.
Аталған іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, барлық мүдделі тұлғаларды осыған белсенді қатысуға шақырамыз. Тіркеуден өту және қосымша ақпарат алу үшін Алтай ауданы әкімдігінің «Серебрянск қаласы және Жаңа Бұқтырма кентінің Жылусуорталығы» КМК комплаенс-қызметіне келесі мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кенті, Больничная көшесі, 1-үй.
Электрондық пошта: Mzdaimec@yandex.ru
Байланыс телефондары: 8/72335/28169, 87479966217.
30.05.2025 ж.