Өскемен қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 15 наурыздан бастап аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен «Алтай» КТО аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу қайта басталады.
Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылғы 17 мамырда «Алтай» КТО аумағында Глубокое ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және Өскемен қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Аталған жәрмеңкеде аудан әкімдігінің ақпараты бойынша жалпы сомасы 12,2 млн. теңгеге 4,5 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды.
Жалпы, облыс және аудан орталықтарында «демалыс күні» жәрмеңкелерін өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру және халықты орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сапалы және табиғи азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.
Жыл басынан бері облыстың қалалары мен аудандарында 12 мамырдағы жағдай бойынша 917,7 млн. теңге сомасына 227 жәрмеңке өткізілді.
24 мамырда кесте бойынша «Алтай» КТО аумағында Үлкен –Нарын ауданының кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.