2025 жылғы 10 сәуірде ШҚО "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының алаңында мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының тауарларын ұлттық брендтеуді дамыту, сондай-ақ ішкі және әлемдік нарықтағы географиялық көрсеткіштерді (ГК) коммерцияландыру, инвестициялық тартымдылық және туристік саланы дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
ГК ұзақ тарихы бар және шыққан жерімен, табиғатымен және мәдениетімен тығыз байланысы бар ауылшаруашылық өнімдеріне, азық-түлікке, шараптарға және спирттерге, қолөнер және өнеркәсіптік өнімдерге сілтеме жасау үшін қолданылады.
Бүгінгі таңда облыста 8 ГК тіркелген:
- "Катонқарағай табиғи балы";
- "Шығыс Қазақстан медовухасы";
- "Тұғыл балық филесі";
- "Шемонаиха наны";
- "Шығыс Қазақстанның тәтті-сары майы";
- "Алтай форелі";
- "Zaisan" (минералды су).
Бәсекелестіктің артуы жағдайында аймақтарды дамыту үшін бренд пен имидждің маңыздылығы даусыз болады. ГК экспорттық әлеуетті кеңейту және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы бола алады.
Тауарларды ұлттық брендтеуді дамыту, сондай-ақ тіркелген географиялық көрсеткіштерді одан әрі қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы басқармасы олардың тізімін одан әрі кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.