2025 жылғы 27 наурызда "Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалардың әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуіне қатысты ұжымда жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) келтірген жеке жағдайлар қаралды.
Жиналыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ұсынымдар берілді.