ШҚО агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылғы қаңтар-маусым айларындағы даму жағдайы туралы ақпарат

ШҚО агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылғы қаңтар-маусым айларындағы даму жағдайы туралы ақпарат

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2020 жылғы қаңтар-маусым айларында 157,1 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезеңдегінің 111% құрады. Өсімдік шаруашылығында өндірілген жалпы өнім көлемі 1,1 млрд. теңге (116%), мал шаруашылығында 155,9 млрд. теңге (111%).

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 2020 жылғы қаңтар-маусым айларында (НКИ) 102,2% құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция биылғы жылдың 1-ші жарты жылында 14,7 млрд. теңге немесе  2019 жылғы тиісті кезеңдегінің 108,9%.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауарлы өнім көлемі биылғы жылғы қаңтар-маусым айларында  68,5 млрд. теңге 2019 жылғы тиісті кезеңдегінің 109%. Тамақ өнімдерінің НКИ – 98,3%.

Талау жасалып отырған кезеңде барлық санаттағы шаруашылықтарда 117,3 мың тонна тірі салмақта мал мен құстың барлық түрлерінің еті өндірілді (2019 жылғы деңгейдің 101,3%), сүт– 451,7 мың тонна (103,1%), жұмыртқа 75,8 млн. дана (102,1%).

Ірі қара малдың саны 4,9% артып,  1 277,7 мың басты, жылқы  7,8% артып, 477,4 мың басты құрады. Қой мен ешкі саны 2175,9 мың бас немесе 2019 жылдың 99,1%.

Жедел мәліметтер бойынша биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі 1371,1 мың га құрап, 2019 жылғыдан 10,6 мың га артық болды.