Өскемен қаласының халқын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында, 2024 жылғы 28 қыркүйектен бастап аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен «Алтай» КТО аумағында «Туған жер - алтын бесігім» атты жоба бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу басталды.
Облыс аудандарының және қалаларының жетістіктерін көрсету мақсатында жәрмеңкелер өткізу кестесі бекітілді.
Бекітілген кестеге сай 2024 жылғы 12 қазанда «Алтай» КТО аумағында, Жібек жолы, 44 мекен-жайында сағат 8.00 ден Қатонкарағай, Үлкен-Нарын аудандарының ауылшаруашылық тауарөндірущілердің ,фермерлік және қосалқы шаруашылықтардың қатысуымен жәрмеңке өтеді.
Катонқарағай ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша 12 қазанда болатын жәрмеңкеде 3810 кг ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде 1400 кг сиыр еті, 1440 кг жылқы еті, 250 кг қой еті, 250 кг бал және де басқа өнімдер ұсынылатын болады
Үлкен Нарын ауданының ауылшаруашылық тауарөндірушілерімен 2600 сиыр еті, 1440 кг жылқы еті, 550 кг қой еті, 1000кг бал,1300 литр қымыз және де басқа өнімдер ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, осы күні «Нан күнін» мерекелеуге арналған іс-шара жоспарына сәйкес көрме-жәрмеңке өткізіледі.
Жәрмеңке өту барысында Өскемен қаласының әкімдігі қаланың наубайхана кәсіпорындарының қатысуымен көрме-жәрмеңке өткізеді. Көрме қортындысы бойынша нан өнімдерінің үздік өндірушілерін анықтайды.
Нан күнін мерекелеуге орай қалалық мәдениет бөлімі және екі аудан көркемөнерпаздарының қатысуымен бірлесіп концерттік, ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырлады.