«Ауыл» партиясының өкілдерімен кездесу өтті

«Ауыл» партиясының өкілдерімен кездесу өтті

10 шілдеде ШҚО әкімінің Ахуалдық орталығында облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің және «Ертіс» ӘКК» АҚ, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы (Мамырбаев К.Н. - директор), «Астана Бизнес» ЖШС-нің «Ауыл» партиясының өкілдерімен (Айтуганов А.К. - партия төрағасының орынбасары, Абитаев Ф.К. - партияның өңірлік филиалының төрағасы, Арнханов К.М. - өңірлік филиал басшысы, Тауешова Ж. - үйлестіруші) кездесуі өтті.

Осы кездесу аясында «Ауыл» партиясымен «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарын талқылау өтті.

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысы «Ауыл аманаты» жобасын іске асыра бастады. Негізгі мақсат ауыл халқының әл-ауқатын арттыру, жұмыссыздықты азайту. Өңірде «Ауыл аманаты» жобасын іске асырудың бірінші кезеңі 105 ауылдық округке және 4 шағын қалаға скрининг жүргізуден басталды, оның негізінде әрбір округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленді.

Ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған бағдарламаны іске асыру мақсатында 2023 жылы 213 өтінім бойынша 1 млрд. 535 млн. 118 мың теңге көлеміндегі кредит 235 жұмыс орны құрыла отырып берілді. Аталған қаражат толығымен игерілді. Бір кредиттің нақты орташа сомасы 7,2 млн. теңгені құрады.

2024 жылға халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға 5 631,2 млрд.теңге бөлініп, осы қаржыға 1060 жұмыс орнын құра отырып 1000 кредит беру жоспарланды.

Аудандардың мамандануына сәйкес «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға 105 ауылдық округ және 4 шағын қала (11 ауданда) қатысады. Облыс бойынша бір қарызға орташа баға 5,6 млн. теңгені құрайды.

Осы бағдарлама шеңберінде жаңа 64 кооператив ашылуы күтілуде.

Биылғы жылғы жоспарға сай, бағдарламаға жұмсалатын қаржыны төмендегі салаларға бөлу көзделген:

Мал шаруашылығы (сүтті және етті бағыттағы ІҚМ, жылқы, ұсақ мал) – 482 жоба;

Өсімдік шаруашылығы (бақша шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жылыжайлар) - 226 жоба;

Шағын бизнес (туризм, макарон өнімдерін шығару, ет және сүт өнімдерін өңдеу, жемшөп өңдеу цехтары) - 292 жоба.

Сенім білдірілген өкіл болып мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «Ертіс» ӘКК» АҚ анықталды. 

Бағдарлама бойынша 2024 жылға арналған қаражатты алдын ала бөлу жоспары бекітіліп аудандарға жұмыста қолдану үшін жолданды.

Бұл ретте азық-түлік өндірісінің көлемін арттыру үшін ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға, қайта өңдеу бойынша жаңа цехтар құру, қолда бар цехтарды жаңартуға, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға ерекше назар аударылуда.

Бүгінгі күні бағдарламаға деген қызығушылық ауыл тұрғындары тарапынан өте жоғары. Аталмыш бағдарлама - ауыл халқының өз кәсібін бастап, жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беруде.